Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Жаңалықтар Мұғалім – мектептің жүрегі
Мұғалім – мектептің жүрегі

Мұғалім – мектептің жүрегі

 

2019 жылғы 3 қазанда аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған "Мұғалім – мектептің жүрегі" атты салтанатты шара өтті. Аталған шараға аудан әкімі Қаршыға ЗәлмұханұлыАрынов, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтері, педагогикалық еңбек ардагерлері және шақырылған қонақтар қатысты.

Аудан әкімі Қаршыга Зәлмұханұлы өз сөзінде "Мұғалім –әрдайым кез келген қоғамның орталық тұлғасы, өйткені мұғалімсіз алдыңғы буын жинаған өркениет ресурстарын болашаққа жалғау мүмкін емес" дей отырып, ұзтаздарға зор денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат және үнемі алға жылжу, білім шыңына және шығармашылық өсуге тілек білдірді. Қаршыға Зәлмұханұлы ауданның үздік мұғалімдерін аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапаттады.

Құттықтау және марапаттау үшін сөз аудандық мәслихаттың хатшысы Жанат Шұғайұлы Ташеневке, педагогикалық еңбек ардагері Раиса Николаевна Гребеге, білім бөлімінің басшысы Ольга Анатольевна Кунаковаға, Ақтоғай білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Найля Аукенқызы Боранбаеваға берілді.

Шара соңында өнер мектебінің тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар
15 Қазан 2019 ж.
Выберите школу
x