
ҚР Президенті атынан балаларды құттықтау
Жаңа жыл қарсаңында 2020 жылдың 24 желтоқсанында Аяз ата мен Ақшақар аудан балалары үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтаулар мен сыйлықтарды тапсыру ұйымдастырылды. Іс-шараларды өткізу кезінде барлық карантиндік шектеу шаралары қатаң сақталды.
Сыйлық қораптарында балаларға құттықтау хаты, «Қазақ халқының ертегілері» кітабы, жұмсақ ойыншықтар, тәтті сыйлықтар мен ақшалай сертификат табыс етілді.
Ата-аналар мен балалардың сөзінен, оларға аса зор көңіл аударғаны үшін дән ризашылықтарын білдірді.