Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Жаңалықтар «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»
«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»

 

2020 жылғы 17 маусым күні Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қ.Ыдырысов атындағы орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатымен

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты онлайн байқау-көрме өткізілді.Аталмыш онлайн байқау-көрме қатысушылар мен көрермендерге берері мол, пайдалы іс-шара болды. Қатысушылар халықымыздың мол қолөнер үлгілерімен танысты, қазақтың ұлттық қолөнерінің қыры мен сырын терең меңгере отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйренді.

Байқауға мектебіміздің 7-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Соның ішінде ерекше өз өнерімен көзге түскен 5-сынып оқушысы Маканалиева Томирис және Турсынбаева Кымбат. Маканалиева Томирис өзіне және сіңлісіне қазақ ұлттық нақыштарымен безендірілген киім, бас киім ұлгілерін тігеді. Ал Турсынбаева Кымбат сумоншақтардан сәнді түйреуіш үлгілерін дайындайды. Бұл заттар әшекей және көз тимесін ретінде қолданылады. Онлайн – көрмені ұйымдастыруда ауыл қолөнер шебері Кенжебаева Айман әжеміздің спикер ретінде еңбегі зор. Айман әжеміз қыз балаларға әр бұйымды дайындауда ақыл-кеңес беріп, жасалу жолдарын үйретіп отырды. Осы ұлттық қолөнер байқау-көрмесі бұйымдарын дайындау жасөспірімдерге бос уақытын тиімді өткізуге шақырады және оқушылардың қазақ халқының қолөнер үлгілеріне деген қызығушылығын арттырады.

Соңғы жаңалықтар
Выберите школу
x