Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Жаңалықтар «Ұлы өлке» ғылыми-тәжірибелік конференция
«Ұлы өлке» ғылыми-тәжірибелік конференция

«Ұлы өлке» ғылыми-тәжірибелік конференция

Абай атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 12 наурыз күні «Ұлы өлке» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның шымылдығын салтанатты ашылу рәсімімен басталып «Туған жер», «Туған өлке» әндері тарту етілді. Конференция Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттарына арналды. Конференцияға қатысушылар өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынды, сонымен қатар жұмыстарының ғылыми маңыздылығын атады. Негізгі екі бағыт жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық, он үш секциядан тұрды. Қазіргі тарихи тұлғатанудың өзекті мәселелерін талқылап ортаға салды. Конференция соңында жүлдеге лайықты деген оқушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, сапалы дайындағыны үшін мұғалімдер алғыс хаттар және барлық оқушыға конференцияның қатысушысы екенін растайтын сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар
Выберите школу
x