Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Жаңалықтар «Қолөнер kz» шебер сабағы
«Қолөнер kz» шебер сабағы

«Қолөнер kz» шебер сабағы

 

Тіленшін атындағы орта мектебінде «Қолөнер kz» шебер сабағы өтті. Шараға мектептің ардагер ұстазы – Татмурзинова К.Т., көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері – Хумарбай Б. , Хисин Б.Т. және Сапарова Қ.К. қатысты.

Шебер сабағы оқушыларға қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуге, әр түрлі материалдардан ұлттық бұйымдар жасауға, қызығушылығын арттыру мақсатында өтті.

Іс-шара барысында қонақтар қыздарды ілгекті пайдалануды және әдемі сәндік әшекейлерді жасауды, әдемі "құрақ көрпе" тігуді, оларды ұлттық өрнектермен безендіруді, киіз үйге сыртқы жабынды тігуді үйретті. Балалар бесік пен сүндік жасады.

Шара соңында әр шебер өз шәкірттерімен дайын болған бұйымдарды ұсынды.

Выберите школу
x