Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Жаңалықтар Ақтоғай ауданының Приреченск орта мектебінде Танымал адамдармен кездесу  
Ақтоғай ауданының Приреченск орта мектебінде Танымал адамдармен кездесу  

Ақтоғай ауданының Приреченск орта мектебінде

Танымал адамдармен кездесу

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты арнай жобаны жүзеге асыру мақсатында Приреченск орта мектебінде 2020 ж. 15 қаңтар күні «Жерлестеріміздің жетістік марафоны. Танымал адамдармен кездесу» атты ашық диалог форматында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Қазақстан журналистер одағының мүшесі, педагогикалық еңбек ардагері, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, «Батыр аға»,«Ақтоғай – алтын бесік», «Толқында туған Ақтоғай», «Ғасыр. Мешіт. Жандарбек қожа», «Өзгерген өңір - Ақтоғай» кітаптарының авторы Ерболат Қабашұлы Мундуинов, жеңіл атлетика бойынша ардагерлер арасында Азия чемпионы (2010 г., 2019 г.), жазғы және қысқы президенттік көпсайыс жеңімпазы (2017 г., 2018 г., 2019 г.), шаңғы жарысынан ардагерлер арасында ҚР-ның 2 дүркін жүлдегері (2017 г.), жазғы президенттік көпсайыстан ҚР-ның 3 дүркін чемпионы (2018 г.), аудандық Мәслихат депутаты, БЖСМ жаттықтырушысы Виктор Васильевич Макеев және жеңіл атлетика бойынша Қазақстанның рекордшысы, облыстық, республикалық, халықаралық марафондардың қатысушысы мен жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасының қатысушысы Сұңғат Бейсенбайұлы Қайыртаев болды.

Аталған дөңгелек үстел жерлестеріміздің жетістіктеріне құрметпен қарау арқылы жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өзінің кіші Отанына, еліне деген мақтаныш сезімдерін ұялату; өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және спорт пен басқа да өнер түрлеріне оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында өткізілді.

Іс-шараның басында оқушылар ұжымының көшбасшылары құрметті қонақтардың өмірлік тарихымен, олардың табыстары, жетістіктерімен танысты. Оқушылар ашық диалог форматында қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ала білді.

Іс-шараның жалғасында жеңіл атлетикадан облыс чемпионы Рамазан Диниза (6 А сыныбының оқушысы), облыстық «Өз еліме арнау» театрлық сайыстың жеңімпазы Адамова Еркемай (11 А сыныбының оқушысы) сөз алды. Олар өздерінің кішкентай болса да жеңістері туралы айтып берді.

Іс-шараның соңында құрметті қонақтар Естелік кітапқа өз тілектерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.

Выберите школу
x