Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Жаңалықтар «Ою fest» шеберлік сабағы
«Ою fest» шеберлік сабағы

«Ою fest» шеберлік сабағы

Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Ою fest» шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағының басты мақсаты - оқушыларды ұлттық қолөнер бұйымдарымен таныстыру, ұлттық мәдинетті дәріптеу, оқушыларды қолөнерге баулу. Шеберлік сабағына ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына арналды. Іс-шараға ауылдың қолөнершілері мен арнайы шақыртқан қолөнерші Ақтоғай ауданының тұрғыны «Бастау бизнес» жобасымен жеке меншік бизнесін дамытып отырған жас кәсіпкер, қолөнер шебері ИП «Ақжол» жеке меншік қожайыны – Мұратханқызы Еркежан оқушылармен бірлесе отырып ою-өрнектен түрлі бұйымдар жасады. Іс-шара барысында қатысушылар назарына кітап және қолөнершілер көрмесі ұсынылды, шара соңында мектебіміздегі «Домбыра сазы» шағын оркестрі қатысушыларымызға халық әнін орындап берді.

 

Выберите школу
x