Ақтоғай ауданының білім бөлімі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

8(71841) 2-15-97

Басты Дарынды балалармен жұмыс Аудандық «Естай оқулары» сайысы өтті
Аудандық «Естай оқулары» сайысы өтті

Аудандық «Естай оқулары» сайысы өтті

 

«Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасына сәйкес күллі қазаққа танымал, жерлес ақын, сазгер Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына орай қаламгердің құнды мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқушылардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатымен аудан мектептерінің 5-10-сынып оқушылары үшін Естай оқулары өтікізілді. Дәл осы сайыс осыдан 10 жыл бұрын ақынның 140 жылдығына орай 4 бағыт бойынша өткізілген еді, биыл 6 бағыт бойынша 2018 жылғы 22 қазанда әдеттегідей Жолболды ауылындағы ақын атындағы мектептің базасында өткізілді.

Сайыстың ашылу салтанаты мектептегі Естай атындағы мұражайда қаламгердің ғұмырнамасымен, шығармашылық еңбегімен және ақын атындағы мектептің тарихымен таныстырумен басталды.

Келесі кезекте сайысты өткізу ережесі мен бағдарламасына сәйкес өткен сайысқа ауданның орта және негізгі мектептерінен қатысқан сайыскерлер білім мен өнер додасына түсті. Сайысқа қатысушыларды ауданның білім бөлімінің ұйымдастыру комитеті құрған қазылар алқасы бағалады.

Сайыстың қорытындысында аталған мектептің дайындығын сапалы ұйымдастырған Естай атындағы орта мектептің директоры Алмагүл Едігеқызы Арынова, қазақ тілі мұғалімі Альмира Темірболатқызы Қожахметова, әр номинация бойынша жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар - Г.Қ.Садуова, Д.Ж.Ашимова, Н.Ерболат, Аралова А.Б., А.Т.Қожахметова, Б.Қ.Ахметниязова білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Білім бөлімінің әдіскері Р.Маней

 

1991957757

-1944868139

        

 

 

Сондай-ақ оқыңыз

Выберите школу
x